КГП на ПХВ " Больница города Сарани"

Мекенжайы: Саранская к-сі, 28
Электрондық пошта мекенжайы: KGKP_CB1@MAIL.RU
Қабылдау бәлмесінің

8 (72137) 7-99-60

Сенім телефоны

8 (72137) 7-99-66

КГП НА ПХВ "БОЛЬНИЦА ГОРОДА САРАНИ" - Балалардың денсаулығын қорғау: мектептегі медициналық пункттер қалай жұмыс жасайды

×

Внимание

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: media/k2/galleries/208

Балалардың денсаулығын қорғау: мектептегі медициналық пункттер қалай жұмыс жасайды

Оқу жылы кезінде балалардың медицина қызметкерлерінің бақылауында болуы үшін және әрбір қазақстандық оқушылардың мектепте уақтылы медициналық көмек алуы мақсатында бүгінгі уақытта медициналық пункттер құрылды. Осы орайда, мектеп оқушыларына медициналық көмекті мектептердің тұрғылықты аумағы бойынша тиесілі емхананың мамандары көрсетеді. 
Медициналық пункттердің қызметкерлері жыл сайын оқушылар мен тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту және олардың арасында болатын сырқаттанушылықты төмендету бойынша іс-шараларды жоспарлайды, профилактикалық егулер мен тексерулер кестесін жасайды, оқушыларды уақтылы диспансерлеу мақсатында бақылау жүргізеді. 
☝? Айта кететін болсақ, мектеп медицинасының қызметін ұйымдастыруға жергілікті денсаулық сақтау басқармасы жауапты
? МЕКТЕП МЕДПУНКТІНДЕ БАЛАЛАРҒА ҚАНДАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ?
? бейінді мамандардың мектеп жасындағы балалардың арасында профилактикалық медициналық тексерулерді жүргізуі және қажет болған жағдайда тереңдетілген тексеруге жіберуі
? оқу кезеңінде және каникул уақытында осы жұмысқа ата-аналар мен педагогтарды қатыстыра отырып сауықтыру іс-шараларын жүргізу
? аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын ұстану және дұрыс тамақтану, репродуктивті денсаулықты қорғау
? баланың психикалық денсаулығын қорғау, темекі шегуге, нашақорлыққа, уытқұмарлыққа, құмар ойындарға тартылудың және тәуелді болудың, сонымен қатар, осыған байланысты туындаған суицидтік мінез-құлық тың алдын алу
? мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілерін Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес жұқпалы аурулардың алдын алу үшін вакцинациялау.Егерде, екпеге реакция болған жағдайда, алғашқы көмек көрсету
? аурудың алдын алу, жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін шұғыл жағдайларда алғашқы көмек көрсету бойынша оқыту іс-шараларын жүргізу
? мектептер мен балабақшаларда санитариялық қағидалардың талаптарын сақтау

Галерея изображений

{gallery}208{/gallery}

2014- © КГП "Центральная больница города Сарани"
Создание сайта “MAXIOMA”